389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кредит бойынша қарызды өтеу қос тарап үшін де тиімді – Сарапшы

  • 440
  • UPD: 16:24, 28.06.2019

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобының кредит бойынша қарыздарын кешіру иек артушылық үрдістің белең алуына түрткі болмайды.

Бұл ресейлік саясаттанушы Дмитрий Журавлевтің пікірі. Себебі Президент жарлығы қарызы кешірілетіндердің одан кейін тұтынушылық кепілсіз несие алуға тыйым салынатындай етіп жасалған. Қысқа мерзімді келешекте аталған шара әлеуметтік шиеленісті азайтады. Ал ұзақмерзімді болашақта бұл қадам экономиканың өсуіне оң әсерін тигізеді дейді маман.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

- Борыш жүктемесі қазір адамдарды да, экономиканы да бірдей қыспаққа алып отыр. Ал оның қысқартылуы аталған екі тараптың да еркін өмір сүріп, әрекет етуіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өсімнің жылдамдығы мен процентін ұлғайта түседі. Сонымен қатар келешекте аталған қадам әлеуметтік жағдайды айтарлықтай тұрақтандыруға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы