384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жұптардың ажырасуы сиреген

  • 178
  • UPD: 09:22, 29.06.2019

Бұл туралы Семейде өтіп жатқан «Отбасылық сот» тақырыбындағы семинар барысында сот жүйесінің өкілдері мәлімдеді.

Жоғарғы соттың қолға алған қанатқақты жобасы ерлі-зайыптылардың ажырасу деректерін азайтуды көздейді. Ол үшін ер мен әйелді бітімгерлікке шақырудан өзге, тағы бірқатар шешімдер қарастырылады. Жоба жүзеге асырылғалы бері Семейде 600 жұп отбасын сақтап қалған. Судьялар мен әділет, құқыққорғау органдары және әкімдік өкілдері қатысқан жиында негізгі міндеттер мен алда атқарылар жұмыс туралы айтылды. «Ал отбасында жанжалдың шығу себептері әлі де алкоголизм, тұрмыстық кикілжің болып отыр», - дейді мамандар.

Әлия Асанова, Павлодар қалалық сотының судьясы:

– Ең бастысы ерлі-зайыптылардың араларында неке бұзылып кетсе де, араларындағы қарым-қатынастың жақсы болып қалуына үлес қосуымыз қажет. Және де кәмелеттік жасқа толмаған балалары болған жағдайда олар кіммен қалады, алимент өндірілді ме, қандай материалдық көмек көрсетеді деген сұрақтардың бәрін бірігіп шешуге тырысудамыз.

Хабар 24 телеарнасы