389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық компания Бараев институты жанынан оқу орталығын ашпақ

  • 325
  • UPD: 14:20, 01.07.2019

АҚШ елімізге инвестиция көлемін ұлғайтуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров АҚШ-қа сапары барысында осындай келісімге қол жеткізді. Оған сәйкес Дүниежүзілік банк Қазақстандағы ет-мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 500 миллион доллар бөлетін болды. Сонымен қатар АҚШ-тың ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірқатар жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. 

Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

– Біз АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігімен және осы саладағы жетекші компаниялармен кездесіп, бірқатар мәселелні талқыладық. Соның бірі «Валмонт» компаниясы Бараев институты жанынан оқу орталығын ашатын болды. Қазір АҚШ-тағы ірі компаниялармен ет зауыттары мен мал бордақылайтын орындар салу туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Америкалық инвесторлардың келуі елімізде ауылшаруашылық саласының дамуына жаңа серпін береді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы