389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді

  • 227
  • UPD: 23:52, 01.07.2019
А.Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыста ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын цифрландыруды жеделдету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды.

Тау-кен кешені, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік секторда цифрландыруды енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, энергетика вице-министрі Ә. Мағауов баяндады. 

Тау-кен металлургия кешені және өңдеу өнеркәсібі саласында 200-ге тарта цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде 12 модельдік цифрлық фабрика құрылған. Агроөнеркәсіптік кешенде электронды сауда алаңын, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында өнімді таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу, цифрлық фермалар құру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша цифрлық жобалар қолданылуда. Отын-энергетика кешенінде «Зияткерлік кен орындары», «Цифрлық кеніш» ақпараттық жүйелері, мұнайды есепке алу, Бірыңғай электроэнергетикалық жүйе режимдерін басқаруды автоматтандыру енгізіліп жатыр. 

Экономика салаларында цифрландыруды енгізу есебінен өнімділіктің жыл сайынғы өсімін 2-10%-ға, кен орындарындағы өндіру өсімін 3% арттыру, өндірістік шығындарды 10-20% қысқарту, АӨК-те дәлме-дәл егіншілікті қолдану есебінен өнімділікті 25-50% ұлғайту күтілуде. 

Отырыстың қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин цифрлық күн тәртібінің маңыздылығын айта отырып, экономика салаларында цифрлық шешімдерді енгізу жұмысын күшейтуді тапсырды.

primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы