389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азаюы мүмкін

  • 463
  • UPD: 12:43, 02.07.2019
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азаюы мүмкін inform.kz

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азаюы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған талаптың қатаңдауы себеп. Өйткені мұндай қолдауды бірнеше рет алған отбасылар анықталды. Оған қоса, мемлекетке сеніп, жұмысқа орналасуға ниет білдірмейтіндер көбейген. Үкіметте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Бүгінде еліміз бойынша 285 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. 393 мың азамат жұмысқа жарамды. Оның айтуынша, қазір 48 мың бос жұмыс орны бар. Ал атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасында бизнес бастаймын дейтіндерге құны 505 мың теңге болатын қайтарымсыз грант, 6 процентпен шағын несие беріледі және арнайы білімі жоқ азаматтарға қысқа мерзімдік курстан өту мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы