384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби плаза» кешені жұмысшыларының талаптары ескеріледі

  • 234
  • UPD: 21:55, 03.07.2019
Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби плаза» кешені жұмысшыларының талаптары ескеріледі

Елордада салынып жатқан «Абу-Даби плаза» кешені жұмысшыларының талаптары ескеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең алдымен жатын орындары жөнделіп, тамақтануларына жұмсалатын қаржы көлемі ұлғаяды әрі жалақылары көбейеді. Бұл туралы бүгін елордадағы Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ерлан Смағұлов мәлім етті. Айтуынша, құрылыс алаңында жұмыс істейтін қазақстандық 3500-ге жуық адам бірнеше талап бойынша шағымданған.

Ерлан Смағұлов, қала бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

- «Абу-Даби плазаның» құрылыс алаңында қала әкімі орынбасарының төрағалымен отырыс өткіздік. Оның қорытындысы бойынша мердігерлерге 9 шілдеге дейін еңбеккерлерді тұрмыстық орындармен толық қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ құрылыс алаңында намаз оқуға арналған бөлме мен тамақтану мәселесін шешу жүктелді. Бұл істердің барлығы біздің бақылауда болады. Ал жалақы жайына келсек, мердігер мекеме инфляцияға байланысты оның көлемін арттырып отыруға келісті.

Хабар 24 телеарнасы