384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шетелдік көліктерді тіркеу мәселесі талқыланды

  • 325
  • UPD: 23:56, 04.07.2019

Елімізде шетелдік нөмірлермен жүрген автокөліктерді тіркеу мәселесі Үкіметте өткен брифингте тағы да көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Марат Тұяқбаевтың айтуынша, қазір Ішкі істер министрлігі Армения, Қырғызстан және Ресей көліктерін Қазақстанда міндетті түрде тіркеудің жолдарын қарастырып жатыр. Алайда бұл олардың ел аумағына кіруіне біржола тыйым салу деген сөз емес. Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл қазақстандық көлік иелерінің мүддесін қорғау үшін жасалап жатқан қадам көрінеді. 

Марат Тұяқбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы:

– Олар жазаға тартылмайтынын біледі де, бір көліктің өзімен бірнеше мәрте жол ережесін бұзады. Бізде аталған мемлекеттердің көліктері жайлы ақпарат жинақталған бірыңғай база жоқ. Сондықтан жол ережесін бұзғандарды іздеуге біраз уақыт жұмсаймыз. Біздегі заң талаптарына сай, заң бұзу дерегі тіркелген сәттен бастап көлік иесін анықтауға 2 ай ғана беріледі. Ал бұл уақыт өткен соң айыптыны жауапкершілікке тарта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы