384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда 330 үй ел игілігіне берілді

  • 189
  • UPD: 15:25, 06.07.2019

Елорда күнінде Талдықорғандағы 230 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

16 қабатты үш үй мемлекеттік бағдарлама негізінде тұрғызылып, бүгін ел игілігіне берілді.

Талдықорғандықтар елорда күнімен қатар қоныс тойын тойлап жатыр. Облыс орталығындағы ең биік тұрғын үй шаһардың қарқынды дамыған оңтүстік-батысында орналасқан. Зәулім ғимараттар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасымен салынды. Баспаналы болғандардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала мамандары мен қарапайым еңбек адамдары бар. Үкіметтік бағдарламадан үмітін үзбей бірнеше жыл бойы қаражатын жинаған қала тұрғындары өз мақсатына жетті. Енді олар жалдамалы пәтер жағалап, өзгенің босағасын сағаламайды. Өз үйінде емін еркін тұратын болды.

Еркебұлан Ұсманбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Ағымдағы жылы даму мүмкіндігі жоғары 35 алқап анықталды. 2025 жылға дейін 4,3 млн шаршы метр болатын 115 мың пәтер салу жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар осы күні Қаратал ауданында да 100 үйдің кілті табыс етілді. Соның қырығына көп балалы отбасылар қоныстанды. Жалпы, жыл соңына дейін өңірде осындай 334 үй мен 1300 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр.

Авторы: Шыңғыс Қалиден

Хабар 24 телеарнасы