389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Nur otan» партиясының ұйымдастыруымен бейбіт митинг өтті

  • 390
  • UPD: 18:01, 06.07.2019

«Nur otan» партиясының ұйымдастыруымен бүгін Алматыда бейбіт  митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біз біргеміз» деп аталған бұл митингіге 2000-ға жуық адам қатысты.

«Nur otan» партиясының белсенділері, қоғам қайраткерлері мен елімізге танымал спортшылар мен журналистер қауымы сөз алған бейбіт шеруде ынтымақ, бірлік, ең бастысы бейбіт өмір туралы пікірлер айтылды.

Қали Сәрсенбай, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы:

- Елдің бірлігіне, ынтымағына, ауызбіршілігіне ештеңе де жетпейді. Ол сонда ғана ел болады. Сондықтан өзінің мемлекеттігін, өзінің тәуелсіздігін сақтап та алады. Баяғыда Елбасының айтқан сөзі бар еді, біз тәуелсіздікті жыл сайын емес, ай сайын емес, күн сайын, сағат сайын қорғауымыз керек деген. Сондықтан, меніңше, қай кезде де елдің тәуелсіздігін қорғау керек. Бұл бейбіт мақсатта да қорғалады.

«Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы саябақта өткен бейбіт митингіге 2000-ға жуық адам қатысты.

Бибігүл Ұбайдуллақызы, қала тұрғыны:

- Мен бүгінгі бейбітшілік шеруге өз еркіммен келдім. Сөйлеп жатқан спикерлердің сөздеріне қосыламын. Спикерлердің айтып жатқаны мына тыныштықты сақтап, тыныш өмір сүрейік. Бейбітшілік болсын. Мен қосыламын осыған.

Тамара Шәкірова, қала тұрғыны:

- Қазақта айтады ғой, сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді деп, сол сөзбен, тыныштықпен, осындай мына бейбітшілік шерулермен қандай болмасын, проблемалардың бәрін, біз бірге осылай шешуіміз керек.

Жиын барысында «Nur otan» партиясының өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұғырнамасы аясында атқарылатын жұмыстармен бөлісіп, халықты ашық диалог құруға шақырды. «Жылына 10 мыңдаған адам арыз-өтінішімен келсе, соның 70% астамы өз шешімін тауып жаты», - дейді «Nur otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.

Авторлары: Алуа Маханбет, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы