383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысы Арыстағы 236 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізді

  • 210
  • UPD: 21:10, 06.07.2019
Түркістан облысы Арыстағы 236 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізді

Арыс қаласында жарылыстан қираған үйлерді қалпына келтіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысы 236 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аталған облыс жауапты 7-ші секторға екі жүзден астам құрылысшы жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, жарылыс салдарынан қатты зардап шеккен секторлардың бірін қалпына келтіруді Атырау облысы өз мойнына алды. Мұнда терезе жасайтын 2 шағын цех ашылды. Осы жерден пластикалық өнім тез арада құрылыс алаңдарына жеткізілуде. Сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстары да өздеріне тиесілі аумақтарда тиісті жұмыстарды атқарып жатыр.

Айта кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85% жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған ғимараттар 2019 жылдың бірінші тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы