384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көп балалы 230 отбасы баспаналы болды

  • 130
  • UPD: 21:08, 11.07.2019
ШҚО-да көп балалы 230 отбасы баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында көп балалы 230 отбасы баспаналы болды.

Ол үшін демеушілер қолдауымен 558 миллион теңге қарастырылған. Арнайы құрылған жұмыс комиссиясының құрамына қоғамдық ұйым өкілдері мен алтын құрсақ аналар кірді. Қаладағылар пәтерге ие болса, ауыл тұрғындарына қосымша шаруашылық жүргізіп, мал ұстауға ыңғайлы үйлер сатып алынды. Мәселен, Бородулиха ауданында 37, Көкпекті ауданында 24, Тарбағатай ауданында 27 отбасы жаңа қонысқа көшті. Енді баспанамен қамтудың екінші кезеңі жүзеге асады. Облыста әлі де кезекте тұрған 300 отбасы «Бақытты отбасы» жобасы аясында тұрғын үймен қамтылады.

Шынар Семізбаева, көп балалы ана: 

- Осындай жомарт жандардың арқасында қаншама отбасы баспаналы болып жатыр, міне. Ол біз үшін үлкен қуаныш! Сіздердің әрқайсыларыңызға жемістеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік, тыныштық, әрбір бастамаларыңызға сіздерге ризашылық білдіріп, табыс тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы