386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме қосылды

  • 273
  • UPD: 23:38, 12.07.2019
Жамбылдық медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме қосылды BNews.kz

Жамбыл облысында 20 мыңдай медицина қызметкері жалақыларын 30 процент үстемемен алатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлардың қатарында дәрігерлер мен орта буын қызметкерлері де бар. Ақхалаттылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жас мамандардың бір орында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, кәсіпке деген қызығушылықты арттырады деген сенімде. Жалақының өсуі Тараз қаласындағы балалар ауруханасының қызметкерлерін қуанышқа кенелтті. Бұған дейін еңбек өтілі бір жылдай болатын маман 54 мың теңге алып келсе, енді айлығы үстеме ақымен 73 мың теңгеге жеткен. Ал кіші медициналық қызметкердің еңбекақысы 40 мыңнан 58 мың теңгеге өсіп отыр.

Болатбек Биназаров, облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері:

– Жалақының өсуі, бірінші кезекте, жас мамандарға көрсетілген қолдау. Екіншіден, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, жұмыс сапасына оң ықпалын тигізеді. Себебі бір орынға бірнеше адам жұмысқа тұруға ниетті. Демек әр адам өз қызметін сақтап қалуға тырысады.

Хабар 24 телеарнасы