389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде соңғы үш жылда 1206 адам суға батып кетті

  • 250
  • UPD: 20:25, 15.07.2019
Елімізде соңғы үш жылда 1206 адам суға батып кетті

Жыл басынан бері 154 адамның ажалы судан келді. Оның 58-і бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаудан қаза тапқандардың дені тыйым салынған жерлерде шомылған екен. Жалпы соңғы үш жылда 1200-дей адам суға батып кеткен. 2016 жылы Қазақстан бойынша 425 адам қаза тапты. Оның 118-і - бала. 2017 жылы 426 азамат ажалын судан тапты. Соның ішінде 130 бала мерт болды. Ал былтыр 355 тұрғын көз жұмды. Оның 104-і - кәмелетке толмағандар.

Хабар 24 телеарнасы