386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастардың тың идеяларына қаржылай қолдау көрсетіледі

  • 257
  • UPD: 15:21, 20.07.2019

Ең бастысы, олар ел үшін, қоғам үшін пайдалы болуы керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан шығыста бұл бағыттағы жұмыстар тағы да жандана түспек.

Өңірдегі жалпы тұрғындар санының 19,1 процентін жастар құрайды. Аймақта оларды қолдауға арналған биыл бірнеше жоба қолға алынды. Негізгі басымдық бизнеспен айналысамын деген жастарға беріледі. Бұл үшін облыста «Жас кәсіпкер» деген жоба жүзеге асып жатыр. Кәсіпкерліктің тасын өрге домалатамын деген қыз-жігіттердің қаржылай грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Облыстық жастар ресурстық орталығы да 2 жаңа жобаны жүзеге асырмақ. Ал еліміз бойынша 14 пен 28 жас аралығындағы жастарға жақсы мүмкіндік бар. JasA! деген атаумен жаңа жоба басталды. Өзінің тұрғылықты жерін абаттандыру, экологиясын жақсарту, жалпы креативті идеясы арқылы адамдардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасауға ұмтылған 600 жасқа қайтарымсыз қаржылай грант берілмек. 

Жансая Ақанова, жастар қызметкерлері қоғамдастығының JasA! жобасының маманы:

– 600 қатысушы бүкіл Қазақстаннан таңдалады. 610 мың теңгенің 400 мыңы сол жобаға бөлінеді, ал 210 мың теңге сол жобаны іске асыруға арналған тренингтерге бөлінеді.

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары:

– Жоғары оқу орындарына түсуге 400 және колледждерде оқуға 7200 грант бөлінеді. Бұл жерде негізгі басымдық көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан ауыл жастарына беріледі.

Хабар 24 телеарнасы