384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Елбасы және халқы» атты кітап жарыққа шықты

  • 407
  • UPD: 15:23, 25.07.2019

Еліміздегі этностар арасында құрылған бірегей байланыс, мемлекет тарихындағы биік белестер, аса ауқымды жобалар, жеңісті әрі жемісті сәттер.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ел өміріндегі айтулы оқиғаларды арқау етіп, «Елбасы және халқы» атты жаңа кітап шығарды. Бас қаладағы Тұңғыш Президент кітапханасында өткен шарада еліміздің қалыптасып, даму кезеңіндегі әрбір белес Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екені атап өтілді. Әсіресе ұлтаралық татулық пен бірлікті басты ұран еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды институттың құрылуы әлемге «Назарбаевтың моделі» деген атпен әйгілі болғаны алға тартылды.

«Осының өзі мемлекет әрі біркелкі ұлт ретінде қалыптасып, өзара алауыздықтың туындауына жол бермеді» дейді ассамблея мүшелері.

Жансейіт Түймебаев, ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

- Кітап үш тараудан тұрады. Алғашқысында Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында сөйлеген сөздері жинақталды. Екіншісіне Тұңғыш Президент жанында жүріп, қызметтес болған жандардың пікірлері, ал үшіншісіне этно-мәдени бірлестік өкілдерінің алғыстары топтастырылды.

Хабар 24 телеарнасы