386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыспен қамту орталығы 6 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады

  • 348
  • UPD: 17:50, 25.07.2019
Жұмыспен қамту орталығы 6 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады

Елордада жұмыс іздеуші азаматтарға 6 мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылып отыр.

Бұл туралы Жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймолдин әкімдікте өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Жұмыспен қамту орталығына тіркелген адамдардың санына қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласы республика бойынша жұмыссыздар саны жағынан бірінші орынды алып тұр. Бірақ елордада мүлде жұмыс істемей, жай жүрген адам кемде-кем. Тек олар бізде тіркеуде тұрғанмен, жеке тұлғаларға жалдамалы түрде қызмет көрсетіп, ақысын алып жүргені анық. Яғни зейнетақы жарнасы аударылып жатқан жоқ.  Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 6 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Алайда біз ұсынған жұмысты істеуге олардың көпшілігі құлықсыз. Әйтпесе 6 мың бос орынның 2500-і ұсынатын жалақы 100 мың теңгеден жоғары», – дейді Абай Баймолдин.

Оның айтуынша, Жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 10 мыңға жуық жұмыссыз жүгінген. Қазіргі таңда орталықта 4,5 мың жұмыссыз тіркеуде тұр. Әсіресе бас қалада электрик, сантехник, дәнекерлеуші сияқты мамандар жетіспейтін көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы