386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды

  • 170
Алматыда балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды

Алматыдағы №96 балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Полицейлер күдіктінің суретін де жариялады. 5 жасар Әлиханды ұрламақ болған өзінің тәрбиешісі екен. Яғни сол балабақшада жұмыс істеп жүрген. Тек заңсыз әрекеті кезінде 30 жастағы әйел кезекті еңбек демалысында жүрген. Ол баланың ата-анасынан ақша бопсаламақшы болыпты. Ал бүлдіршінді оған бермей, жолын кескен тәрбиеші сол уақытта оның орнында жұмыс істеп жүрген. Күдікті әке-шешесінің үйінде Алматы облысы, Кеген ауданында қолға түсті. Қазір ол Алматыға әкелінді деп хабарлайды құқық қорғаушылар. Енді оның заң алдында жауап беруіне тура келеді. Естеріңізге сала кетейік, қала жұртшылығын елең еткізген оқиға 16 шілде күні болған еді.

Хабар 24 телеарнасы