385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында биыл ауылды жерлерге қоныстанушылар көбейген

  • 134
Ақмола облысында биыл ауылды жерлерге қоныстанушылар көбейген

Мәселен, жыл басынан бері өңірге басқа облыстардан көшіп келген 9 мыңнан астам адамның жартысынан көбі елді мекендерге қоныстаныпты.

Дегенмен сыртқа кетушілер де жоқ емес. Олардың саны 9 мың 656 адам. Елорда іргеде тұрғандықтан, 1 мыңнан астам тұрғын астанаға қоныс аударса, қалғандары басқа облыстарды таңдаған. Жалпы, бүгінде Ақмола облысында 739 мың халық тұрады. Олардың 53 проценті ауыл тұрғындары болса, қалғандары қалалықтар. Яғни ақмолалықтардың жартысынан астамы ауылда тұрады.

Салтанат Мирендинова, облыстық Статистика департаментінің басқарма басшысы:

– 2019 жылдың қаңтар мен мамыр айларының аралығында Ақмола облысына көшіп келушілердің 58 проценті ауылды аймақтарға, 42 проценті қалаларға қоныстанды. Бірақ бұл көрсеткіш жылда өзгеріп тұрады. Ол миграциялық үдерістерге, маусымдық ерекшеліктер мен басқа да факторларға байланысты.

Хабар 24 телеарнасы