385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызметкерлер билетті алып сатумен айналысса жұмыстан шығаралады – Ұлттық тасымалдаушы

  • 191
  • UPD: 17:37, 26.07.2019
Қызметкерлер билетті алып сатумен айналысса жұмыстан шығаралады – Ұлттық тасымалдаушы Zakon.kz

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды бөтен күдікті тұлғалардың қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз алып сату фактілерін байқаған жағдайда ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Желілік полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес қоғамдық орындарда тиіскен жеке тұлғаға ескерту жасалады не болмаса бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Әкімшілік жаза салынғаннан кейін жыл ішінде қайта жасалса, әрекет қайталанса – он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл не болмаса бес тәулікке дейінгі әкімшіліктік қамау қолданылады», - деп көрсетілген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шетелдік не болмаса азаматтығы жоқ тұлға осындай әрекетке барса, онда бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, не болмаса бес тәулікке әкімшілік қамауға жабылады не болмаса Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады.

Компания қызметкерлерінің билеттерді заңсыз алып сату жағдайларына араласуы орын алса, онда тиісті, тіпті еңбек келісім-шартын бұзуға дейінгі шараларды қабылдау үшін айғақ болатын бейне және фотоматериалдарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына бағыттауға болады.  

Жолаушылардың билетсіз тасымалдануының құқықтық салдары туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында барлық вокзалдарда «Начни с себя» және «Өзіңнен баста» бейнероликтері көрсетіліп жүр.

Хабар 24 телеарнасы