385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы аудан орталықтарының ішінде қоғамдық көліктер қатынай бастады

  • 142
ШҚО-дағы аудан орталықтарының ішінде қоғамдық көліктер қатынай бастады

Шығыс Қазақстан облысында қала мәртебесіндегі аудан орталықтарының ішінде қоғамдық көліктер қатынай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін 12 елді мекенде ішкі тасымалға 200 автобус шығарылды. Облыстық прокуратура аймақтағы тасымал саласына кешенді тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде 184 елді мекенде ішкі тасымал мүлде жоқ болып шықты. Мәселен, Аягөз қаласында бірде бір қоғамдық көліктің жүрмейтіні анықталды. Тек прокурорлық қадағалаудан соң облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірінші рет әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тізімін құрды. Осыдан соң әр аудан мен қала маслихатының шешімі бойынша жаңа маршруттар ашылды. Қажетті қаржы дотация есебінде бөлінді.

Жандос Қоңыров, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Қабылданған шаралар нәтижесінде бүгінгі күнде өңіріміздің 12 аумағында 200-ден аса автобус бағыттары өз жұмысын жандандырды. Осы атқарылған  жұмыстардың нәтижесінде 284 мыңға мыңға жуық адамның құқығы қорғалып отыр. Бұл жұмыстар тұрақты түрде тексеріс жүргізіліп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы