385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында өрт қауіпсіздігі ғарыштан бақыланады

  • 174
Маңғыстау облысында өрт қауіпсіздігі ғарыштан бақыланады

Маңғыстау облысының аумағында өрт қауіпсіздігі ғарыштан бақыланатын болды.

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлінді. Енді тәулігіне екі рет отандық жерсерік аймақ үстінен ұшып, көлемі 166 мың шаршы метр жер бетін фотосуретке түсіреді. Келіп түскен ақпаратты кезекші мамандар талдайды. Ұлан-ғайыр далада өрт тұтанған жағдайда монитордағы картада қызыл нүкте пайда болып, дабыл қағылады. Жерсерік камерасы жергілікті кәсіпорындардан шығатын түтінді де суретке түсіріп отырады. Айта кетейік, соңғы жылдары Маңғыстау өңірінде дала өрті тіркелген жоқ. Бұл бағдарлама елімізде төрт жылдан астам уақыт қолданыста. Оның жасыл желекті солтүстік және шығыс аймақтарда тілсіз жаумен күресуде тиімділігі байқалып отыр. 

Манарбек Мұханбетов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Сәуірден бастан қазіргі таңға дейін дала өрті тіркелген жоқ. Тіркелген жағдайда біздің шұғыл кезекші 15-20 минут ішінде мән беруге мүмкіндігі бар. Себебі әрбір аудан орталықтарында өрт сөндіру бөлімі бар. Сол бөлімдер арқылы селолық округ әкімдері арқылы өзіміздің техникаларды жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы