Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


#Birge #TazaQazaqstan: Майбалық көлінің жағасы тазартылды

  • 131
  • UPD: 14:53, 03.08.2019
#Birge #TazaQazaqstan: Майбалық көлінің жағасы тазартылды

Астаналықтар кезекті Birge #TazaQazagstan тазалық шарасына қатысты.

«Бүгін міне осымен үшінші апта таза Қазақстан экологиялық акциясын жалғастырып жатырмыз. Майбалық көлі қаладан алыс емес жерде орналасқан, сондықтан адамдар мұнда демалуға жиі келеді. Тиісінше қалдық та көп. Олай болса бәріміз бірігіп, тазалық жұмысына кірісейік», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, бүгінгі сенбілікке 1 мыңға жуық адам қатысты.

Олардың қатарында әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен еріктілер бар.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы