384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте дүкеннен садақа салатын жәшіктердегі ақша ұрланды

  • 335
  • UPD: 11:39, 05.08.2019
Шымкентте дүкеннен садақа салатын жәшіктердегі ақша ұрланды Otyrar.kz

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ұрлық жайты тіркелді.

28-нен 29 шілдеге қараған түні белгісіз тұлға қаладағы дүкендердің біріне қабырғасын бұзу арқылы кіріп, 70-ке жуық темекі, кассасынан ақша және садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Осылайша дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлермен күдікті анықталып, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы