386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында балаларды сауықтыру орталықтарынан өрт қауіпсіздігі бойынша кемшіліктер табылды

  • 157
  • UPD: 17:12, 07.08.2019
Ақмола облысында балаларды сауықтыру орталықтарынан өрт қауіпсіздігі бойынша кемшіліктер табылды

Ақмола облысында биыл 10 шақты балалар сауықтыру орталығы өрт қауіпсіздігіне тексеріліп, олардан 18 түрлі кемшілік анықталған.

Мамандардың қадағалауы нәтижесінде, аталған олқылықтар тез арада жойылып, жауапты тұлғаларға ескерту жасалды. Дегенмен, лагерьлерде өрт қауіпсіздігі әрдайым жіті бақылауда екен. Олар ғимараттардың жабдықталуын тексерумен қатар балалармен де жүйелі түрде алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырады. Себебі қауіпсіздік шаралары нысанда қарастырылғанымен әр адам асқан сақтық танытпаса, қауіп деген аяқ астынан болуы әбден мүмкін.

Думан Дөлешов, облыстық ТЖД бас маманы:

- Биыл да былтырғыдай балалар сауықтыру орталықтарында ешқандай өрт деректері тіркелген жоқ. Осындай алдын алу іс-шаралары барысында ойын және жарыс түрінде өрт қауіпсіздігі ережелерін балалардың санасына сіңіруге тырысамыз.

Алтынбек Ғапес, балалар сауықтыру орталығының өкілі:

- Біздің лагерьде қазір 450 адам бар. Ғимаратта эвакуациялық шығу жолдары қарастырылған. Әр қабатта өрт сөндіру құралдары да бар. Біз де балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы