387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да екі қызды зорлады деген күдікті ұсталды

  • 187
  • UPD: 21:14, 12.08.2019
БҚО-да екі қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында бүлдіршін қыздарға азғындық әрекеттер жасаған 21 жастағы күдікті тұтқындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол енді сотқа дейін екі ай қамауда отырмақ. Жайсыз оқиға Теректі ауданының «Новая жизнь» ауылында болған. Алдын ала берілген ақпарат бойынша бұрын сотталмаған ауыл тұрғыны көшеде кездескен 4 және 7 жастағы қыз балаларды үйге шақырып, арам ойын іске асырған. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, тергеуалды амалдары жүргізілуде.

Бибігүл Усағазиева, облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы:

– Күдіктінің аса ауыр қылмысты жасағанын, бостандықта жүріп тергеу және сот органдарынан бой тасалауы немесе тергеудің объективті толық жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін екенін ескеріп, оған екі ай мерзімге күзетпей ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Хабар 24 телеарнасы