386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада кезекті еңбек жәрмеңкесі өтті

  • 117
  • UPD: 15:57, 15.08.2019

Бұл жолғы шара мұғалімдерге арнап ұйымдастырылды. Білім беру департаменті 2 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынды.

Жастар сарайында өткен мамандандырылған жәрмеңкеге биыл диплом алған түлектер көп келді. 

Мәриям жоғарғы оқу орынын биыл бітіріп, диломын алған. Мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүр. Бастауыш сынып мұғаліміне сұраныс бар екен. Бірнеше мектепке түйіндемесін тастады. Алайда, біразы тәжірбиелі маман іздейды. Мәриям бұған дейін қалалық жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыздар қатарына тіркелген. Жәрмеңкеге орталық мамандары шақырыпты.

Мәриям Сүйіндік, қала тұрғыны:

- Осы Нұр-Сұлтан қаласында өсіп келе жатқан ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие, білім беру мақсатында осы жерге жұмыс іздеп келіп отырмын. Осы жұмыспен қамту орталығы осы жерге жібергеннен кейін, осы жерді қарап шығып жатырмыз. Одан кейін қайтадан тағы да аралап көреміз мектептерді осы жерден шыққан соң.

Жәрмеңкеге 100-ден астам білім беру мекемесі қатысты. Көбіне физика-математика, бастауыш сынып, орыс тілі пәнінің мұғалімдері керек. Жұмыс іздегендер түйіндемелерін қалдырып жатыр. Байқағанымыз, тарих және қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне сұраныс аз. Барлық мектепте бұл орындар толық дейді мамандар.

Айсұлу Аралова, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі:

- Біз жоспар бойынша жәрмеңке өткізіп отырамыз. Жыл басынан бері бес рет ұйымдастырылды. Жастар жылы аясында жас мамандарға арнап тағы бір жәрмеңке өткіземіз. Мұндай шараның тиімділігі-жұмысіздеушілер бірнеше мекемеге түйіндемесін тастай алады. Бірден жұмыс табатындар көп. 

Жәрмеңкеге мыңнан астам жұмыс іздеуші келді. Жалпы, қалалық еңбекпен қамту орталығында 7000 бос жұмыс орыны бар. Қандай мекемеге қандай маман керектігін еңбек порталы арқылы көруге болады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы