387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтуде

  • 186
БҚО-да «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтуде

Батыс Қазақстан облысында «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтіп жатыр, деп хабарлады «Хабар 24».

Мақсат – азаматтарды алаңдатқан мәселелерді тездетіп шешу. Облыс орталығы мен барлық аудандарда кадр жұмысы, жергілікті полиция мен көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдады. Тұрғындар полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерімен танысты. Аймақта барлығы 38 мобильді қабылдау пункті қызмет көрсетеді. Тұрғындарға қолайлы болу үшін арнайы жабдықталған автобустарда тіркеу-емтихан қабылдау, жол техникалық бақылау және әкімшілік практика мәселелері бойынша кеңестер берілді. Акция аясында облыстық полиция департаментінің «қауырт желі» телефондары жұмыс жасауда.

Иса Ілиясов, қала тұрғыны:

– Жиналған сұрақтарымды генералдың өзі қабылдап жатқанын көріп барып жолықтым. Өз сұрақтарыма жауап алдым деп ойлаймын. Енді осы алған жауабыммен әрі қарай тырысып сол мақсатыма жетемін.  

Махсұдхан Әбіләзімов, БҚО ПД бастығы:

– Қатардағы қызметкерлер ғана емес, басшылар, өзім, менің орынбасарларым болып барлық сұрақтарға жауап беріліп отырады. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Ал қылмысқа келсек, биыл қылмыс саны 2,6 пайызға төмендеді. Қазір бірнеше ұрлық жасап жүрген топтар ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы