387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық дәрігерлер Арыста көлік қаққан қарияға көмек көрсетті

  • 179
  • UPD: 16:54, 19.08.2019
Елордалық дәрігерлер Арыста көлік қаққан қарияға көмек көрсетті elorda.info

Елордалық дәрігерлер Арыста жеңіл автокөлік қағып кеткен ақсақалға көмектесті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 тамыз сағат 11:11-де Арыс қаласының Ақынбеков көшесінде (Нұр-Сұлтан қаласының штабы орналасқан ғимарат алдында) орын алды. Mitsubishi маркалы жеңіл автокөлік велосипед мінген қарияны қағып кетті.

«Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы жедел жәрдем қызметінің Арыстағы кезекші бригадасы 3 минут ішінде келіп жетті. Елордалық дәрігерлер қарияға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қалалық орталық ауруханаға жеткізді. Қатты соққының салдарынан 1946 жылғы азамат жабық түрдегі бас және бірнеше дене жарақатын алған, орта дәрежеде миы шайқалған», – делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта зардап шегушінің денсаулығы бақылауда.

Айта кету керек, Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған жарылыс салдарын жою, қаланы қалпына келтіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің штабы құрамында елордалық жедел жәрдем қызметінің бригадасы да жұмылдырылған. Елордалық дәрігерлер 28 маусымнан бастап штаб мүшелері мен арыстықтарға медициналық көмек көрсетуде.

Сондай-ақ 3 шілдеде Арыстағы елордалық кезекші бригада тоққа түсіп, ес-түссіз, клиникалық өлім аузында жатқан пациентті ажалдан арашалап қалды.

Хабар 24 телеарнасы