385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады

  • 153
  • UPD: 17:32, 21.08.2019
Жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады

Еліміздегі барлық топтағы мүгедектер пойыз билетінің тек 50 процентін ғана төлейді.

Дегенмен коммерциялық бағыттағы тасымалдаушылар жеңілдік көлемін өздері белгілейді. Мамандардың айтуынша, енді пойыздың жүруіне бір тәулік қалғанша, билетін өткізуге ниет білдірген жолаушыдан бұрынғыдай 1000 теңгелік комиссия алынбайды. Алайда пойыздың аттанғанша, 6 сағат қалғанда қайтарылған билет құнынан ақша ұсталады. Тағы бір жаңалық, бұрын отарбаның кіреберісінде темекі шегуге рұқсат болса, енді мүлдем тыйым салынады. Тәртіп бұзғандарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл бар.

Едіге Мыханов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры

– Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңның қолданысқа енгеніне біраз болды. Жолаушылардың пойыз ішінде шылым шегуіне жолсеріктер тарапынан қолдау болуы мүмкін деген күдіктен арылу керек. Себебі арнайы кол-орталық жұмыс істейді. Азаматтардан келіп түскен қоңыраулар жауапсыз қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы