387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауына жұрттан 2890 өтініш түскен

  • 170
  • UPD: 09:30, 24.08.2019

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жүктелген міндеттерді орындауға толық мүмкіндік бар.

Соның ішінде елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес, ауыл жастарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік лифтілерді қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылмақшы. Бұл маңызды міндеттерді орындауға саяси ұйымның аймақтағы филиалдары да зор үлес қосуы тиіс дейді батыс қазақстандықтар.

Батыс Қазақстан облысында партияның 272 бастауыш ұйымы, 13 аумақтық филиалы жұмыс істейді. «Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламада айтылған уәделердің орындалауын қадағалау, нақты мәселелерді Үкіметке баяндау және жергілікті басқарушы органдармен тығыз жұмыс істеу керектігін тапсырды. Өңірде атқарылып жатқан істер жеткілікті. Солардың дер кезінде әрі сапалы орындалуына партиялық бақылауды күшейтеміз» дейді филиал басшылары. 

Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл жаңағы «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламасы, сол сияқты мына «Бақытты отбасы» бағдарламасы, осының атқарылып жатқан құрылыс үй мәселесі. Тұрғын үй көпбалалы отбасыларын қамту мәселесі, инфраструктураны дамыту, көптеген жаңағы инфрақұрлымдар, мұның барлығы сайлауалды уәделердің бірі. Соны толыққанды және сапалы қамту мақсатында партиялық бақылау күшейтілетін болады. 

Жыл басынан бері филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2890 өтініш келіп түскен. Күні бүгін соның 32 проценті, яғни 896 өтініш оң шешімін тапты. Азаматтардан көбінесе баспана мен жер телімін алу және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша өтініштер түседі. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасынан бастап барлық мемлекеттік сала қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары мен депутаттар бекітілген кестеге сәйкес қабылдауларын өткізеді. 

Гауһар Шайхиниязова, «Nur Otan» партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:     

- Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түсетін мәселелердің ішінде әрине бірден шешімі табылмайтын мәселелер де болады. Кейбір заңнамаларға, кейбір ережелерге өзгерістер енгізу керек болатын мәселелер болады. Бұл ретте біздер нұр отан партиясы өз ұсыныстарымызды жолдап отырамыз. Алдағы уақытта біздің фракция арқылы депутатарымыздың белсенділігін пайдалана отырып бұл азаматтарды толғандыратын мәселелер өз ретімен шешім табады деген ойдамын.

Дамыған 30 озық елдің қатарынан табылу партия алдындағы келелі міндет. Елде қабылданатын барлық бағдарлама осы мүддені іске асыруға жұмылдырылуы тиіс. Нақты жұмыс пен шешімдер ғана партияның ел арасындағы беделін асырады деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте ел келешегі жастарды қолдау жайы да назардан тыс қалмақ емес. 

Нұрғали Жолдасқалиев, «Jas Otan» жастар қанаты БҚОФ төрағасы:  

- Қазіргі таңда «Болашақ» бойынша бітіріп келген түлектер жақсы қызметтерге орналасып және де жақсы нәтижелер көрсетіп жатқанын Елбасы айтқан болатын. Оған әрине келісеміз. Шетелдік білім бар, шетелдік тәжірибе бар. Оның бәрі еліміздің дамуы үшін жастарымыз жақсы қолдануда деп ойлаймыз. 

Партия төрағасы дамыған елдер қатарына қосылудағы негізгі үш шартты айрықша атады. Ол қоғамдағы келісім мен тұрақтылық. Халық сұранысына жауап бере алатын көшбасшы мен партия. Сабақтастық пен бірізділік. «Күнделікті жұмыста осыларды басшылыққа аламыз. Әрине аймақ тұрғындары тірелетін түйткілді мәселелер ұдайы назарда болады» дейді саяси ұйым өкілдері.  

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы