389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда мемлекеттік бағдарлама бойынша 800-ге жуық пәтер үлестіріледі

  • 184
  • UPD: 09:56, 30.08.2019

Таразда 800-ге жуық пәтер қонысқа дайын. Баспананың барлығы мемлекеттік бағдарламамен салынған. Енді олар «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» және «7-20-25» жобалары арқылы үлестірілді.

Мереке қарсаңында баспана алып, қоныс тойын тойлағандардың қатарында Марат Имашев та бар. 85 395 әскери бөлімінің аға лейтенанты бұл күнді 5 жылдан астам уақыт күткен. Жас маман бұған дейін отбасымен жалдамалы пәтерде тұрып келіпті. 

Марат Имашев, қала тұрғыны:

- Қуанышты жағдай болып жатыр. Өте ризамыз. Отбасыммен қуанып жатырмыз. Үш бөлмелі пәтер. Мынау біздің қонақ күту залымыз. Енді бері қарай жүрсеңіздер мына жақта біздің асхана. Әрі қарай мынау менің бала-шағамның бөлмесі болады.  

Мараттың жаңа баспанасын көріп, көрімдігін беруге бүкіл әулеті түгел жиналған. Ол таңертеңнен бері шапқылап қонақтарын күтіп, біраз қобалжып жүр. Оны бәрінен де тосыннан құттықтай келген мейман таң қалдырды.

- Аты кім?

- Әлирахым. Не әкесі атын білмей ме? Қуанғаннан қобалжып тұр ғой. 

Әсіресе бала-шаға мәз-мейрам. Кең үйде асыр салып, өз шаңырағында еркінсіп жүргендерін байқауға болады.  

Мәди Қалдыбек, оқушы:

- Детскисі ұнады. Бәрі ұнады. Сосын кухнясы ұнады. Сосын заны ұнады. Қай жері? Залы.

Өңірде биыл 465 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда 26 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 21-і мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен берілетін үйлер. 

Қайрат Досаев, қала әкімі:

- 9 үйді тапсырып отырмыз. 80 пәтерлік әрқайсысы. + Оның ішінде бізде әлеуметтік 5 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сол 5 үйдің құрылысы енді жылдың аяғына дейін бітіреміз. Пайдалануға беріледі.  

Конституция мен Білім күні қарсаңында аймақта 20 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарда.  Сонымен қатар 2 ауыл таза ауыз сумен қамтылады.  Ал жалпы жыл соңына дейін тағы 740 пәтерлі 12 үйді тапсыру көзделіп отыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы