389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын

  • 235
  • UPD: 14:16, 02.09.2019
Қ.Тоқаев: Бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауы кезінде ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы: «Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», – деді.

Сонымен қатар «Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі. Осыған байланысты жақында тиісті Жарлыққа қол қойдым», – деп айтты Тоқаев.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

 

Хабар 24 телеарнасы