389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерден Қажыбек: «Тіл туралы» заңға өзгерту енгізетін уақыт жетті

  • 552
  • UPD: 15:38, 03.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауда көтерген тағы бір өзекті мәселесі қазақ тілінің мәртебесі болды.

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», - деді президент. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбектің пікірінше «Тіл туралы» заңға өзгерту енгізетін уақыт жетті.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

- Енді дәл қазіргі кезде, осындай нақты тапсырма берілген кезде тілдік саясатымызға да тілдік коррекция енгізіп, заңнамамызды толықтыруымыз керек. Ол үшін ең маңызды мәселе, біз тіліміздің өзіне тартымдылығын, әуезділігін, тіліміздің қазіргі бүкіл заңдылықтарын, өзінің төл табиғатына негіздеуіміз керек. Мыңдаған терминді қазақ тілінің заңдарына бағындырып, қалыптастыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы