387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық тұрғындар өз қауіпсіздігіне селқос қараған

  • 90
  • UPD: 15:26, 06.09.2019

Қостанайлықтар улы газдан қорғайтын дабылдағыштарды киім шкафтарында сақтайды.

Жеке үй секторларында рейд ұйымдастырған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осындай заңбұзушылықтарды анықтаған. Пештен улы газдың иісі шықса, дабыл қағатын құрылығылар өткен қыста орнатылған. Енді жаңа жылыту маусымы қарсаңында олардың негізгі бөлігін қайта орнатып, қуаттайтын батареялармен жабдықтау қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Жазда улы газдан қорғайтын қондырғының қажеттілігі жоқ деген болар. Үй тұрғындары дабылдағышты тиесілі орнына емес, шкафқа сақтап қойыпты.

«Көпбалалы Молоковтар баспанасындағы өрт қауіпсіздігін сақтауда олқылықтар бар екендігіне көз жеткізді», – дейді тексерушілер. Электр сымдары ашық-шашық, пештің мұржалары тазаланбаған. Барлық ескертулерді бір ай ішінде жою міндеттелді. 

Мына үйде де дәл сондай көрініс. Қожайыны қонақтарды күтпеген болар, абдырап қалғанынан құрылғының батареясын таба алмады. Биыл жергілікті билік көпбалалылар тізіміне кіретін бұл отбасының үйінің шатырын жаңартып, жылыту құбырларын да ауыстырып берген. Бірақ пештің қазіргі күйі сын көтермейді. Алдағы қытымыр қысқа дайын болмай шықты.

Сайранбек Бекмағамбетов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

– Дабылдағыш құрылғы көмір қышқыл газын уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Кейбіреулер қазір қыс мезгілі емес деп, оны тұрған жерінен жұлып алып тастайды. Батареяларын теледидарлар пульттеріне салып, жоғалтып алған. Олар оны өз қаражаттарына салуға міндетті.

Қыс мезгілінде автономды жылытылатын баспанада тұратын 400-дей көпбалалы отбасы улы газды сезгіш құрылғыларымен қамтылды. Дабылдағыштар жергілікті меценаттардың қаржысына орнатылған.

Талғат Кәкімов, облыстық ТЖД бастығы:

– Біз айтып тексеріп, сосын бір айдан кейін тағы айналып келеміз. Тағы сол үйге келеміз түзелді ме, түзелген жоқ па. Ондай өрт қауіпсіздігі сақталмайтын үйлер тізімі бар. Оны біз ұмытпаймыз тағы келіп қараймыз.

Жалпы облыс бойынша өткен жылыту маусымында пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан 14 адамға иіс тиіп қаза болды. Ал мұндай рейдтік шара тексерушілермен қазан айына дейін жалғасады.

Авторлары:Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы