386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар көбіне қай елдерден жылжымайтын мүлік сатып алады

  • 119
  • UPD: 10:44, 10.09.2019
Қазақстандықтар көбіне қай елдерден жылжымайтын мүлік сатып алады рrian.ru

Шетелдік жылжымайтын мүлікке арналған инвестициялар жөніндегі конференцияда риэлторлар қазақстандықтардың тұрғын үй және коммерциялық объектілерді көбіне қай елдерден сатып алатынын айтты.

Ол елдердің қатарына Түркия, Солтүстік Кипр, Испания, Болгария, Германия, АҚШ, Чехия, БАӘ, Италия, Канада, Таиланд кіреді, деп хабаралайды krisha.kz.

Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының шетелдік жылжымайтын мүлік комитетінің вице-президенті Елена Кволек-Румянцева қазақстандық сатып алушылардың қалаулары туралы айтты:

– Шетелден мүлікті сатып алуда қазақстандықтардың жоғары талпынысы бар, өмір сапасын жақсартуды қалайды. Бір ерекшелігі, қазақстандықтар шағын аумақты жерлерді ұнатпайды. Мысалы, олар Кипрдегі виллаларды сатып алмайды. Олар бұл елде үлкен учаскелерге 1 000-1 500 шаршы метрлік тұрғын үйлерін салғанды жөн көреді. Екіншіден, балаларға білім беру. Солтүстік және Оңтүстік Кипрде білім алу айтарлықтай қолжетімді. Сондықтан Кипр алғашқы ондыққа кіреді. Қазақстандықтар сонымен қатар теңгенің жақсы қызмет көрсеткенін қалайды. Сондықтан олар Испания, Болгария, Таиландтан жалға пәтер алады. Тұрғын үйді сатып алғанда да коммерциялық компонент туралы, капиталды сақтау және көбейту туралы ойлайды.

Оның айтуынша, шетелден алынатын жылжымайтын мүліктің орташа бағасы қай елден сатып алғанына байланысты. Мысалы, Болгарияда пәтерлердің бағасы 15 мың еуродан басталады, Дубайда –   250 мыңнан, Солтүстік Кипрде – 40 мыңнан, Оңтүстік Кипрде – 80 мыңнан, ал Түркияда  50 мыңнан басталады.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы