386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан студенттерінің Семейден алған дипломдары жарамсыз

  • 93
  • UPD: 16:23, 10.09.2019
Үндістан студенттерінің Семейден алған дипломдары жарамсыз

Семей қаласындағы Медицина университетін тәмамдаған шетелдік студенттердің дипломы өз елдеріне барған кезде жұмысқа орналасуға жарамсыз болып шыққан, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Семей Мемлекеттік медицина университетінде білім алып, отандарына оралған үндістандық жастар жұмысқа орналаса алмауда. Себебі, жоғары оқу орнын тәмамдаған 79 түлектің дипломдағы аты-жөндері дұрыс жазылмаған. Яғни, білдей бір университет қарапайым орфографиялық қателікке жол беріп отыр. Осыған қайран қалған аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш университет ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс жариялады», - деп жазады Алтайньюс.

«Университет қызметкерлерінің жауапсыздығынан шетелдік жастар шарасыз күйге түсіп отыр. Енді олардың не істейтінін аңдып отырудың қажеті жоқ. Дереу іске көшіп, олқылықтың орнын толтырыңдар. Қажет болса, түлектерді қайта шақырып алып, дипломдарын түзетіп, қолдарына беріңдер», – деді Даниал Ахметов «Nur Otan» партиясы филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысында.

 

Хабар 24 телеарнасы