387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі пакет негізінде жасалады

  • 136
  • UPD: 22:23, 10.09.2019
Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі пакет негізінде жасалады

Біріншісі – мемлекет тарапынан кепілдік берілген тегін медициналық көмек.

Бұл эпидемияның таралуына жол бермеуге және мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайға душар болған науқастарға қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқа уақыттарда азаматтар сақтандыру пакеті арқылы емделеді. Сақтандыру қорына ақша аудармағандар ақылы ем-дом қабылдайды. «Ол тұрғындар үшін тиімсіз», - дейді мамандар. Мысалы, кейбір жоспарлы операциялардың құны 2 миллион теңге тұрады. Қазір Алматы қаласының жұмыс берушілері еңбек ететін 1 млн 325 мың адам үшін Сақтандыру қорына ақша аударып отыр. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар әзірге белсенділік танытар емес. Сақтандыру қорына бірыңғай әлеуметтік төлем немесе ең төменгі жалақының 5%-і көлемінде жарна аударғандардың саны Алматыда 3500 адамнан аспайды.

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиал басшысы:

- Ауырып қалған жағдайларда ол адамға қажетті қаржының бәрі осы сақтандыру жүйесінің есебінен табылып, қаржыландырылатын болады. Соңғы үш айында төлемеген болса, тұрақты төлемеген болса, сақтандыру пакетін ала алмайды. Сондықтан халық бұны да түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы