389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды

  • 230
  • UPD: 22:58, 16.09.2019
Жамбыл облысында 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды

Жамбыл облысында 4 күнде 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ел аумағында жүріп-тұру ережесін өрсекел бұзған. Қазір 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оның біреуі адамдардың көшіп-қонуын заңсыз ұйымдастырып келген. Басым көпшілігі құжаттарын уақытылы рәсімдемейді. Олар негізінен Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, келімсектер саны жылдағыдан артқан. Олардың дені жұмыс іздеп, табыс табу мақсатында келеді. Жедел алдын алу шарасы кезінде аймақта жүрген 152 шетелдік Қазақстан шекарасынан шығарылды. Қалғандарына ескерту жасалған.

Маржан Құрмашева, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

- Көші-қон қызметі заңы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасап, соттың шешімін дұрыс орындамағаны үшін тартылған азаматтар. Жеке адамдарға жұмысқа келген адамдар бар. Немесе компаниялар, бізде Мойынқұм, Сарысу жақтарда шетел азаматтарының компаниялары бар, соларға жұмысқа келгендер.

Хабар 24 телеарнасы