389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғанда келер жылы автокөліктерге арналған көпір құрылысы басталады

  • 211
  • UPD: 22:19, 17.09.2019

Алматы облысы Шамалған ауылында келер жылы автокөліктерге арналған көпір құрылысы басталады.

Бұл жөнінде бүгін жергілікті жұртпен кездесуде облыс басшылығы мәлімдеді.

Оған дейін теміржол төңірегі мен республикалық маңызы бар күре жол айналасы сараптамадан өткізіледі.

Жергілікті тұрғындар «өлім өткелі» деп атап кеткен осы жерден күн сайын 15 мыңға жуық автокөлік ерсілі-қарсылы жүйткиді. Ал пойыз өтетін кезде көлік нөпірі тежеліп, кептеліс салдарынан келеңсіз оқиғалар жиі болады. Өзекті мәселені ауыл тұрғындары үнемі айтумен, тиісті мекемелерге шағымданумен келеді. Осыдан екі күн бұрын болған қайғылы оқиғадан кейін тұрғындардың талап тілегін тыңдау үшін бүгін мұнда аудандық және облыстық әкімдік өкілдері келді.

Сәуле Бұғыбаева, ауыл тұрғыны:

– Бұл оқыс оқиғаның болған себебі тәртіпке де байланысты шығар. Егер сол жерде тәртіп сақталса, ол оқиға болмас еді. Бұл жерде адамдардың бір-біріне деген қарым қатынасын көруге болады.

Бұл мәселені сараптау үшін арнайы комиссия құрылады. Оның құрамында әкімдік қызметкерлерінен бөлек, «Қазавтожол» мен «Қазақстан теміржол» ұлттық компанияның мамандары болады. Ал өткелден өтетін негізгі көпірдің орнын анықтау жұмыстары жуық арада басталады, деді облыс басшысының орынбасары   

Бағдат Манзоров, облыс әкімінің орынбасары:

– Мамандар көреді. Көпір салатын болсақ, көліктер қай жерден жүру керек. Көпір салу үшін бірінші басқа өткел жасау керек. Өйткені тоғыз жолдың торабы дейміз. Республикалық жол бар, аудандық жол. Сондықтан бірінші тұрғындармен шешіп алу керекпіз. Ол да ертең халыққа зиян тартпау керек.

Жаңабай Қобыландин, «Қазавтожол» ҰҚ АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы:

– 11 мың 500-ден астам көлік республикалық маңызы бар жолмен жүреді. Және 10 мыңнан астам облыстық маңызы бар жол. Алматы 1-Шамалған-Ұзынағаш жолымен жүреді. Соған байланысты сол машиналарды қай жаққа ауыстырамыз.

Қауіпті өткелден бөлек, ауылдың ішкі көшелері мен инженерлік жүйелері жөндеуді қажет етеді, дейді тұрғындар. Сонымен қатар шамалғандықтар жол-патрульдік полиция қызметінің жұмысын қатты сынға алды. Өйткені кешкі кептеліс кезінде жолдағы тәіртіпсіздік пен келеңсіздік белең алады.  

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы