389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендіктер жер және мүлік салығын төлей алмай жүр

  • 224
  • UPD: 10:33, 20.09.2019

Өскемендіктер жер және мүлік салығын төлей алмай әуре-сарсаңға түсіп жүр. Тұрғындардың бірі бірнеше мәрте келген түбіртекті түсіне алмай дал болса, енді біразы ешқандай хабарлама келген жоқ деп отыр.

Ал салық төлеу мерзімі аяқталатын күн жақындап қалды. Халық межелі уақытқа дейін үлгермей қаламыз ба деп алаңдаулы.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің іші ығы-жығы. Жиналғандардың басым көпшілігін жер және мүлік салығына байланысты түсініксіз сұрақтар алаңдатып отыр. 

БЛИЦ:

- Гараж, үй, дача солардың бәрін білейін дегенбіз, ғой,ал енді қағазы үйге келген жоқ. Алдымызда 20-30 ада тұр,үлкен қария адамбыз 70-тен асқан, аяқ та шыдамай бара жатыр

- Салық басқармасынан алған түбіртекпен қазпошта әкелген түбіртекте екі түрлі төлем мөлшері жазылған. Қайсысы дұрыс, білмеймін. Сол үшін міне осындай кезекке тұруға мәжбүрмін.

- Былтыр окошкада әрбір көшенің адресі болған, Бажова болса Бажова. Сол жерге келесің аласың,сосын астыға төлейсің, мында міне бір терезе,бірақ тұруың керек. 

Қазпошта өкілдері бұл уақытша қарбалас деп ақталды. Олардың айтуларынша, салық төлеу мерзімі аяқталар кезде тұрғындар да қаптайды. Оған қоса мәліметтер базасынан мекен-жай сәйкессіздігі анықталған. 

Гүлжан Рахымбаева, «Қазпошта» АҚ ШҚО Филиалының жетекшісі:

- Мемлекеттік кірістер департаментінде көше атауларының өзгеруіне байланысты ақпараттар жаңартылмаған. Бастапқыда  40 процент мекен жайды бағдарлама қабылдамай тастады. Өйткені базадағы мәліметпен сәйкес келмеген. Қазір бұл көрсеткіш төмендеді. Алайда салық төлемі бойынша  4 мың мекен-жай базадан табылмай тұр, яғни оларға хабарлама жеткізлмеді деген сөз. 

Сонымен қатар салық төлемі туралы хабарламалардың кешігуіне жылжымайтын мүлік орталығы сынды уәкілетті органдар тарапынан жіберілген қателіктер де ықпал етіпті. 

Сайранхан Қабыш, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Уәкілетті  органдардан дұрыс келмей қалды да данныйлар, содан кешірек берілді ол рас,бірақ қазір барлық ескертулер таратылды. 

Жауапты мамандар базадағы мәліметтер жақын арада ретке келтіріледі деп уәде берді. Алайда тұрғындар салық мерзіміне үлгермей борышкерлер қатарына ілігеміз бе деп алаңдаулы.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы