389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда талантты хирург Н.Қазыбаевқа ескерткіш тақта орнатылды

  • 178
  • UPD: 17:51, 23.09.2019
Алматыда талантты хирург Н.Қазыбаевқа ескерткіш тақта орнатылды

«Алтын қолды» дәрігер. Бұл – талантты хирург Нұртас Қазыбаев туралы әріптестері мен емделушілердің пікірі.

Дәрігер тұрған Алматыдағы Төлебаев көшесіндегі 98-үйге ескерткіш тақта орнатылды. Онда дәрігердің аты ғана емес, «30 мыңнан аса операция жасап, 5 мың адамның өмірін сақтап қалды» деген сөздер қашап жазылған. Талантты дәрігер жарық дүниеден үмітін үзген науқастардың өмірі үшін күресті. 8 сағат бойы тапжылмай тұрып, небір күрделі операция жасайтын, - деп еске алады әріптестері. 30 жылдық жұмыс тәжірибесінде Нұртас Қазыбаев отандық хирургияға инновациялық технологияларды енгізді. Солардың бірі – лапароскопия. Қазақстандағы ең алғашқы құрылғы Қазыбаевтың арқасында алынған. Осылайша ол лапароскопиялық хирургияның атасы атанды. Алтын қолды дәрігер 2012 жылы 54 жасында дүниеден озған еді.

Батыр Қазыбаев, Н.Қазыбаевтың інісі:

– Ағам өмірін сақтап қалған американдық оған алғыс айтпақшы болады. Нұртас аға: «Маған ақша керек емес, одан да құрылғы алайық, мен онымен тағы көптеген адамның өмірін ұзартамын» деп жауап берген еді. Орталық клиникалық аруханада алғашқы лапроскопиялық құрылғы осылай пайда болған. Жүрегі кең, адал азамат әр емделушісімен алдына келгеннен бастап жазылып кеткенше бірге болатын.

Хабар 24 телеарнасы