389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті ауқатты отбасылар да алып келген

  • 207
Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті ауқатты отбасылар да алып келген

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті алып келген кейбір отбасылар қымбат көлік тізгіндеп, көп қабатты коттедждерде тұратын көрінеді.

Қаладағы 7 596 отбасы табысын жасырып, оңай жолмен ақша алғысы келген. Оның ішінде 2 149 жанұяға тағайындалған 1 миллиард 530 миллион теңгенің төлемдері толық тоқтатылды. Заңсыз төленген 70 миллионнан астам теңге алдағы уақытта бюджетке қайтарылады. Ал үш отбасы заңсыз алған 828 мың теңгені өз еркімен қазынаға қайтарған. Тағы 271 отбасыға ақшаны қайтару жөнінде хабарлама жіберілді. Айта кетейік, құқық қорғау органдарының назарына қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері де іліккен. Олар өтініш берушілерден атаулы әлеуметтік көмек алуға оң шешім шығарғаны үшін пара алған. Қазір инспекторға қатысты сот үкімі шықты. Ал орталықтың сектор меңгерушісінің ісі сотта қаралуда.

Ғалымжан Балтаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:

– Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген отбасылардың саны – 74 520. Бүгінгі таңда олардың 62 731 қаралып, 52 874 отбасыға 44,6 миллиард теңге тағайындалды. Ал қабылданған өтініштер саны 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 6,9 пайызға өскен. Яғни былтырғы жылы 10 мың 774 отбасы тапсырған.

Хабар 24 телеарнасы