389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен іргесіндегі Жаңа Ахмер ауылына баратын жол сапасыз жөнделген

  • 206
Өскемен іргесіндегі Жаңа Ахмер ауылына баратын жол сапасыз жөнделген

Біздің елде «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» деген бар.

Бұл мекеме жергілікті һәм республикалық маңызға ие қара жолдың сапасын қадағалайды. Мамандары жөндеуден өткен жолдың кез келген тұсынан сынама алып, төселген асфальттың сапасын зерттейді. Егер кемшілік анықталса, арнайы хаттамаға сәйкес жауапты мекеме мен мердігер компанияға кемшін тұстарды жоюға нұсқау береді. Одан соң қайта тексереді. Осылай Өскемен қаласының шетіндегі Жаңа Ахмер ауылына баратын жол да тексерілген. Бұл аралыққа облыстық бюджеттен 155 миллион теңге бөлініпті. Алайда мердігер компания ісін тиянақты атқармаған. Асфальт жабындысының қалыңдығы әр жерде әр келкі. Жол жиегіндегі су ағарлар да дұрыс жасалмаған. Енді мердігер кемшілікті қар түскенше жоюы тиіс.

Замир Сағынов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры:

– Осы уақытқа дейін жол зертханалары бұларды тексерген жоқ. Өздерінің тарапынан тағайындалған тексеруші компниясы болды. Біз қосымша тексеріп жатырмыз. Ақаулар бар. Мердігермен жұмыс істеп жатырмыз. Басты мақсат – әкімшілікпен бірігіп, сапаны бір деңгейге көтеру.

Түсіпхан Түсіпбеков «Алтай асуы» ҚБ төрағасы:

– Қазіргі қадағалаудан кейін мердігер қателік жібермейтін болады. Ертең технологиядан қатедік кетіп жатса, негізгі нормативтер орындалмай жататын болса, өз қалтасынан төлеп, қайтадан қалпына келтіреді. Ол оңай шаруа емес.

Хабар 24 телеарнасы