389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да орақ науқаны тоқтап тұр

  • 170
  • UPD: 20:47, 30.09.2019
СҚО-да орақ науқаны тоқтап тұр

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынның кесірнен орақ науқаны тоқтап тұр. Өңірдегі 9 ауданда солай.

Салалық басқарма берген мәлімет бойынша, бүгінге дейін 3 млн тоннадай астық жиналған. Орташа түсім гектарынан 15 центнер. Егінді аймақтағы 50 элеватор қабылдап кептіреді. Мамандар биылғы бидай ылғалды дейді. Диқандар қауымы жанар-жағармаймен толық қамтылған. Енді күн ашылса, қырдағы қарбалас қайта жанданады.

Наргиз Ақжігітов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы:

- 4 аудан жұмыс істеуде. Ақжар, Уәлиханов, Тимирязево, Мүсірепов аудандары. Шамалап жұмыс істеуде. Егер ауа райы жақсы болса, қолайлы болса 8-10 күнде дәнді, дәнді бұршақ дақылдарын жинап алу жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы