389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды

  • 155
  • UPD: 07:45, 08.10.2019
БҚО-да тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды espanarusa.com

Батыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды. Айта кетерлігі, былтырғы эпидемиологиялық маусымда өңірде 113 адам тұмаумен ауырса, жіті респираторлық жұқпаны 20 мыңға жуық тұрғынның жұқтырғаны анықталды.

Маусымдық сырқатқа тосқауыл қоюдағы ең тиімді тәсіл алдын-алу вакциналау шаралары болып табылады. Вакциналау тегін өтеді. Бірінші кезекте медициналық қызметкерлер егілсе, жүкті әйелдер, жетім және 6 айдан көп ауыратын балаларға тегін жасалады. Сонымен қатар қан-тамырлары мен өкпе ауруымен ауыратын науқастарға және қарттар үйінің тұрғындарына да тұмауға қарсы вакцина тегін салынады. Бұл мақсатқа бюджеттен 56 миллион теңге бөлініпті. 

Нұрлыбек Мұстаев,  облыстық тауарлар мен қызметтерді бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Вакцинациялауға осы жергілікті бюджеттен 65 мың доза грипке қарсы вакцина алынған болатын. Ақылы түрде барлық медициналық ұйымдарда мемлекеттік немесе жеке медициналық орталықтарда екпені алуға болады. Ақылы түрде шамамен вакцинаның құны 2-3 мың тегені құрайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы