389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жылу маусымы ерте басталды

  • 122
Семейде жылу маусымы ерте басталды

Семейде көп қабатты тұрғын үйлерге жылу қазанның 15-сінде беріле бастайтын.

Ал биыл күннің ерекше жылы болып тұруына қарамастан, қазандықтар жұмыс істеп кетті. Қаладағы 1124 үйдің 117-сі ғана әзірге әр түрлі себептерге байланысты орталықтандырылған жүйеге қосылмаған. Көмір қоры 42 мың тоннаны құрап отыр, бұл бір айға жететін отын. Жалпы жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін қалалық бюджеттен 295 миллион теңге бөлінген. Бұған қосымша қазандықтардың жұмысы мен көмір сатып алуға коммуналдық кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 150 миллион теңге тағы да қарастырылып отыр.

Николай Демин, коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары:

– Жаз уақытында жылу орталығы мен бірнеше қазандықта жөндеулер жүргізілді. Алдағы маусымға сақадай саймыз. Ал кейбір көп қабатты тұрғын үйлерге келсек, олардың өздері жылу алуға дайын болмай отыр. Бірінде есептегіш құрал істен шықса, екіншісінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін олардың барлығы жылумен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы