389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстың бас қақпасы ашылды

  • 112
  • UPD: 22:24, 10.10.2019
Арыстың бас қақпасы ашылды

Бүгін Арыстың бас қақпасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рәсімге еліміздің Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты.

Жаңа нысанның құрылысын Кәсіподақтар федерациясы қаржыландырған.

«Өңіріміздегі сәулеттік жобалардың ұлттық нақышта болғаны құба-құп. Бұл маусымдағы қайғылы оқиғадан кейін Арыс қаласын жақсылыққа бастайтын берекелі қақпа болады деп сенемін», - деді аймақ басшысы. Кәсіподақтар күніне орай федерация төрағасы Ералы Тоғжанов облыс әкімінің кеудесіне төсбелгі тақты. Арысты қалпына келтіруге атсалысқан бір топ азамат Премьер-министр мен федерацияның Алғыс хаты және төсбелгілерімен марапатталды. Жиын соңында Түркістан облысы әкімдігі мен Кәсіподақтар федерациясы арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы