389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жастар 500 ағаш отырғызды

  • 126
  • UPD: 15:28, 12.10.2019
Елордада жастар 500 ағаш отырғызды elorda.info

Бүгiн Нұр-Сұлтан қаласында «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының бастауымен студенттер 500 ағаш отырғызды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Игiлiгi мол мұндай iс-шараның басты мақсаты – елорданы кɵгалдандырып, экологиялық жағдайының жақсаруына үлес қосу. Ұйымдастырушылар бұл ретте қаланың шет шағында орналасқан «Жағалау» шағын ауданына кɵңiл бɵлiп, осы маңайға ағаш отырғызуды жɵн кɵрiптi.

«Байтақ болашақ» альянсының директоры Қанат Нығметжановтың айтуынша, мұндай iс-шаралар бас қаламызда жиi-жиi ұйымдастырылып тұрады екен. Мəселен, осы жылдың сəуiр мен мамыр айлары аралығында қаланың əр тұсында 1600 ағаш егiлген. Ал 21 қыркүйек күнi 230 ағаш отырғызылса, 3 қазан күнi 48 мектеп-лицейiнiң аумағында тағы ондаған ағаш егілген. Сауабы кɵп мұндай iске негiзiнен жергiлiктi студенттер жұмылдырылған.

Ал бүгiнгi ағаш отырғызу жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Қазақ технология жəне бизнес университетiнiң студенттерi, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, «Қазпошта» секiлдi бiрқатар мекеменiң қызметкерлерi атсалысты.

Хабар 24 телеарнасы