419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде израильдік дәрігерлер шеберлік сабағын өткізді

  • 515
  • UPD: 11:13, 18.10.2019
Ақтөбеде израильдік дәрігерлер шеберлік сабағын өткізді

Ақтөбелік реабилитолог, психолог, дефектолог мамандар біліктілігін арттырып жатыр.

Израильдік әріптестері ақыл-есінің дамуында ақауы бар жандарды емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Екі жақты тәжірибе алмасу сағаттары «Жас ұрпақ» орталығында ұйымдастырылған. Бұл жерге қазір ерекше күтімді қажет ететін 50-ден астам кәмелетке толмаған бала келеді. Сондықтан бүлдіршіндерге білікті көмек көрсетумен қатар әлеуметтік кәсіпкерлікті жолға қойған ұйымдардарды да дамытуға мүмкіндік бар.

Анар Даржанова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының АОФ директоры:

Бұл салада ең бірінші маман қажет. Сондықтан біздің жергілікті Жұбанов университетімен де жұмыс істеп, олардың студенттерінің практикадан өтуіне, олардың осы сұранысқа сай болуына өзіміз тарапымыздан қолдау көрсетудеміз. Көршілес біздің Орынбор, Башқұртстан, Татарстан елдерінде де озық тәжірибе бар. Осы компаниялардың басын біріктіріп, ұйымдастырып, соларға апарып, қандай бүгінгі күні технологиялар бар, қандай методика бар, солардың барлығын үйренуіне көмек көрсетеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы