388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық жол желісінің 10 мың шақырымы жөнделмек

  • 144
  • UPD: 16:23, 23.10.2019
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық жол желісінің 10 мың шақырымы жөнделмек

2015 жылдан бері елдегі республикалық маңыздағы бағыттардың 6,8 мың шақырымына жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Меженің 4,4 мың шақырымы биыл орындалды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызға ие 3 мың шақырым автожол салынып, жөндеуден өтті. Бұл - Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізі. Жолдардың 3,8 мың шақырымындағы жұмыстарды 2020 және 2021 жылдар аралығында аяқтау көзделген. Сондай-ақ 2020-2025 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық жол желісінің 10 мың шақырымы жөнделмек.

Хабар 24 телеарнасы